«Уотфорд» қақпасына покер жасаған шабуылшы «Манчестер Ситиден» кетеді

24.04.2022, 23:50
Футболшы мансабын Англияда жалғастыра бермек.
«Уотфорд» қақпасына покер жасаған шабуылшы «Манчестер Ситиден» кетеді

«Манчестер Сити» және Бразилия құрамасының шабуылшысы Габриэль Жезус командасын өзгертуі мүмкін, деп хабарлайды журналист Николо Скира.

Жазғы трансферлік терезеде Жезус «Арсеналдың» негізгі нысанасына айналады. 25 жастағы футболшының агенті лондондық клубтың өкілдерімен кездесіп, трансфер мәселесін талқылаған. Жезустың «Манчестер Ситимен» келісім-шарты 2023 жылға дейін жарамды. Бірақ «қалалықтар» Эрлинг Холандты қатарға қосса, бразилиялық футболшы клубтан кетеді.

Transfermarkt порталы ойыншыны 50 миллион еуроға бағалауда. Жезус осы маусымда Премьер-лигада 24 ойынға қатысып, 7 гол соқты, 9 нәтижелі пас берді.

Кеше Англия чемпионатының 34-туры аясында «Сити» өз алаңында «Уотфордты» қабылдап, қарсыласын 5:1 есебімен ұтты. Жезус бұл ойында төрт гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×