АНСУ ФАТИ - «БАРСЕЛОНА» ТАРИХЫНДАҒЫ 9000-ГОЛДЫҢ АВТОРЫ

06.07.2020, 20:20
АНСУ ФАТИ - «БАРСЕЛОНА» ТАРИХЫНДАҒЫ 9000-ГОЛДЫҢ АВТОРЫ

Санаулы сəттер бұрын Ла Лиганың 34-турында "Вильярреал" өз алаңында "Барселонадан" (1:4) оңбай ұтылды. 

Алаң қожайындарының карантиннен кейін 6 ойынға (5 жеңіс, бір тең ойын) созылған жеңіліссіз сериясы аяқталды. 

Бұл екі клуб арасындағы 44-матч (39 - Примера, 4 рет Испания Кубогында). 

"Блауграна" - 26-ында, "Вильярреал" - 8-інде басым түссе, 10 кездесу тең аяқталған.

Ең қызығы "Вильярреал" Каталония ұжымын осымен 24 ойын қатарынан ұта алмай келеді. Сонау 2008 жылдың сəуірінде (1:2) жеңгеннен бері бүгінге дейін 6 матчта тең түсуге ғана шамасы жеткен. 

"Барса" капитаны Лионель Месси біріншілікте осымен сегізінші ойын қатарынан "Вильярреал" қақпасына гол салуға атсалысты.  

20-минутта командасын есепте алға шығарған Луис Суарес "Барселона" жейдесіндегі 194-голын салғаннан кейін, Ладислао Кубаламен теңесіп, сұрмергендер арасында 3-орынға жайғасты. Ал көш басында Лионель Месси (630 гол), екінші - Сесар Родригес (232 гол). 

Сонымен қатар уругвайлық сұрмерген - клуб тарихында жылдың барлық айында Примерада гол соққан тұңғыш футболшы. 

Тайм түгесілер тұста əдемі гол салған Антуан Гризманн араға 9 тур салып барып көзге түсті. Сондай-ақ француз Неймардың алғашқы маусымдағы нəтижесін қайталап, 15 нəтижелі соққының авторы атанды. Тіпті, алдағы уақытта жақсартуы да бек мүмкін. 

Матчтың 87-минутында Ансу Фати осы маусымдағы 6-шы, "Барселона" тарихындағы 9000-шы голды қақпаға тоғытты. 

Шәмкен Байырбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×