“Астана” футболшылары коронавирус жұқтырғаны рас па?

06.07.2020, 20:49
Бапкер Билек бір ойыншының жарақат алғандығы жайында сөз қозғады
“Астана” футболшылары коронавирус жұқтырғаны рас па?

Елордалық “Астана” футбол клубының бас бапкері Михал Билек Setanta Qazaqstan арнасына берген сұқбатында команданың қазіргі жағдайы туралы айтты.

Чехиялық маман, 5 футболшының дене қызу көтеріліп жатқандығы жайында хабарлаған болатын. Бұл хабар Vesti.kz сайтының айтуынша өткен аптада орын алған.

“Біз жарты айдан бері жаттығу жұмыстарын үзбей жасап келеміз. Біз Премьер лигада қиын матчтар өткізбедік. Сондықтан команданың қандай деңгейде өнер көрсететіндігі туралы нақты айту қиын. Соңғы аптада 5 футболшының дене қызуы көтерілді. Ал Жарко Томашевич жаттығуда жарақат алып қалды”, - деді Михал Билек.

“Астана” үзіліс уақытында СДЮШОР №8 командасына қарсы кездесулер өткізіп 4-2 және 5-2 нәтижелерімен жеңіске жеткен болатын. Михал Билектің баптауымен елордалық ұжым 4 кездесу өткізіп үлгерді. Ең алғашқы матчты қызылордалық “Қайсарға” қарсы өткізіп , 1-0 есебімен жеңіп Суперкубокті еншілеген болатын. Ал, чемпионатта “Қызылжар” командасын (4-0) , “Ордабасы” командасымен (1-1) тең ойнап және ақтаулық “Каспий ” клубын (3-2) есебімен тізе бүктірген болатын.

Естеріңізге сала кетсек ҚПЛ ойындары 3-шілдеден бастап тағыда тоқтатылған болатын. Елде вирустың таралуына байланысты кемінде екі апта карантин режимі қайтадан күшейтіледі.

Әлішер Хабидолла

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×