Ансу Фати тағы да жарақат алып қалды

07.11.2021, 18:42
Футболшы жамбасын ауыртып алған екен.
Ансу Фати тағы да жарақат алып қалды

«Барселонаның» шабуылшысы Ансу Фати Ла Лиганың 13-турында «Сельта» командасымен болған ойында жарақат алды. Ойыншы үзілістен кейін алаңдағы орнын командаласына босатып берді.

AS порталының хабарлауынша, шабуылшы жамбасын ауыртып алған. Фати бір ай бойы алаңға шыға алмауы мүмкін. Жақын арада ойыншы медициналық тексерістен өтуі керек.

Фатиден бөлек, «Сельтаға» қарсы ойында қорғаушы Эрик Гарсия мен жартылай қорғаушы Нико Гонсалес те жарақат аллы. Кездесу барысында екі ойыншы да ауыстырылды.

Қос команда арасындағы матч 3:3 есебімен аяқталған болатын. Алаң иелері сапында Яго Аспас дубль жасаса, Нолито бір гол соқты. Каталондықтар құрамында Ансу Фати, Серхио Бускетс және Мемфис Депай көзге түсті.

Испания чемпионатының ағымдағы маусымында Фати бес матчқа қатысып, үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×