«Наполи» Марадонаның құрметіне жаңа жейде шығарды

07.11.2021, 15:56
Бұл формамен «Наполи» Италия чемпионатында үш кездесу өткізеді.
«Наполи» Марадонаның құрметіне жаңа жейде шығарды

Италиялық «Наполи» клубтың және Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы Диего Марадонаның қайтыс болғанына бір жыл толуына орай, оның құрметіне арнайы жейде шығарды.

Бұл формамен неаполитандық клубтың ойыншылары А сериясының қараша айындағы үш матчына қатысады - өз алаңында «Верона» мен «Лациоға» қарсы (7 және 28 қараша), сондай-ақ Миланның «Интерімен» (21 қараша).

Жейдеде Марадонаның портреті бейнеленген, оның айналасында ұрпақтар сабақтастығын білдіретін саусақ ізі салынған. Бұл форманың сатылымға аз ғана бөлігі шығарылады. Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл жейдеден 1926 дана ғана тігіледі екен. Клуб форманы сатудан түскен қаржының бір бөлігін түрлі әлеуметтік бағдарламаларға көмек ретінде аудармақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×