Антонелла Мессиді туған күнімен құттықтады: “Туған күніңмен, қарт Қыңыр!”

25.06.2025, 09:30

Лионель Мессидің әйелі Антонелла Рокуццо Лионель Мессиді ерекше тәсілмен туған күнімен құттықтады. Аргентиналық шабуылшы 38 жасқа толып жатыр.

Антонелла Мессиді туған күнімен құттықтады: “Туған күніңмен, қарт Қыңыр!”

Мессидің жары өзінің Instagram парақшасында бірнеше сурет жариялаған. Солардың бірінде Лионельге арналған туған күн торты бейнеленген. Торт әйгілі "Смурфтар” мультфильмі стилінде жасалған, ал торттың үстінде футбол добымен тұрған Қыңыр (Grumpy Smurf) есімді кейіпкердің мүсіні қойылған.

Антонелла жазбасында былай деп жазды:

"Туған күніңмен, қарт Қыңыр! Ең керемет әке, барлық жағынан ең мықты!!! Сенің барыңа біз өте қуаныштымыз! Біз сені жақсы көреміз."

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×