
Мэйбл Арнольд (1916–2019) – "Вест Хэм Юнайтед" клубының ең адал әрі ең ұзақ қолдау көрсеткен жанкүйерлерінің бірі. Ол команданың алғашқы матчын 1934 жылы тамашалаған және өмірінің соңына дейін 85 жыл бойы "Балғалыларды" шын жүректен қолдап, шамамен 2000-ға жуық ойын тамашалаған.
Мэйбл 1916 жылы 2 сәуірде Лондонның шығысында дүниеге келген. 1934 жылы болашақ күйеуі Ричардпен бірге "Вест Хэмнің” алғашқы ойынына барған, бұл оның командамен байланысының бастамасы еді. Күйеуі Ричард 1958 жылдан 1981 жылға дейін 23 жыл бойы "Вест Хэм Юнайтед" клубында жаттықтырушы әрі скаут болып қызмет атқарған. Алайда 1981 жылы өмірден озды. Содан кейін Мэйбл ұлы Грэммен бірге клубтың ойындарына қатысуды жалғастырды.
2016 жылы, 100 жасқа толған кезінде, "Вест Хэм” клубы оған құрмет көрсетіп, "Болейн Граунд” стадионында өткен соңғы матчта арнайы құттықтау ұйымдастырды. Сондай-ақ ол клубтың жаңа стадионға көшу барысын баяндайтын "Iron Men” деректі фильміне де қатысқан.
2018 жылы, 102 жасында, клуб оның жанкүйерлікке деген шексіз адалдығын бағалап, Лондон стадионындағы Club London құрметті аймағынан маусымдық билет сыйлап, Мэйбл мен ұлы Грэмге ойындарды барынша жайлы жағдайда көруге мүмкіндік берді.
Мэйбл Арнольд 2019 жылы 9 ақпанда, 102 жасында, 103 жасқа толуына екі-ақ ай қалғанда, мәңгілік сапарға аттанды.
Біздің серіктес: FONBET