
Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов жақын арада клуб ауыстыруы ықтимал.
Бұл туралы «Убойная_сила» telegram-арнаcы мәлімдеген болатын. Грозныйлық ұжым РПЛ-де орнын сақтап қалғанымен, бюджет мәселесін түзей алмаған көрінеді. Сондықтан, «Ахмат» жаңа маусым алдында қосымша қаражат табу үшін көшбасшы футболшыларды сатуы мүмкін делінген. Атап айтсақ, жартылай қорғаушы Лечи Садулаев «ЦСКА» сапын толықтыруға жақын. Осы қатарда грозныйлықтар сапында биыл жемісті маусым өткізген Максим Самородовты да айтуға болады. Грозныйлықтар қазақстандық футболшыны да сатудан ақша табудан кетары емес көрінеді. Осындай трансферлерден түскен қаражатқа команда шорт-листіндегі бірнеше футболшыны алуды көздеп отыр.
Максим Самородов РПЛ-де 24 матч өткізіп, алты гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET