Ислам Чесноков шотландиялық клубпен келісімге келген. Бірақ трансферге «Тобыл» кедергі болып отыр дейді

25.06.2025, 13:53

Шотландиялық «Хартс» клубының бас бапкері Дерек Маккинес «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковқа байланысты жоспарымен бөлісті.

Ислам Чесноков шотландиялық клубпен келісімге келген. Бірақ трансферге «Тобыл» кедергі болып отыр дейді
Ислам Чесноков Қазақстан құрамасы сапында

Шетелдік маманның айтуынша, шотландиялық команда мен Қазақстан құрамасының көшбасшысы алдын-ала келісімшартқа отырып үлгерген және трансфер жыл соңында дейін толық жүзеге асуы тиіс.  

«Рекрутинг-топ Исламмен келіссөздер жүргізуі керек. Ол алдын-ала келісімшартқа қол қойып қойды, бірақ жағдайды толық бақылауда ұстап отырған жоқпыз. Оның командасы қазір маусымның маңызды бөлігін өткізуде және Исламды дәл қазір жіберуге құлықты емес. Клубқа футболшыны тезірек алғым келетінін жеткіздім. Біз бұл жағдайды өткен сәрсенбіде Исламның өзімен талқылаған болатынбыз. Жоспарымыз бар: егер ол жүзеге асып жатса керемет, ал болмаған жағдайда қаңтарға дейін күтуімізге тура келеді. Барынша шыдамды болуға тырысудамыз, алайда оны осы трансферлік терезеде қатарымызға қосуға ниеттіміз», - деді Д. Маккинес «Daily Record» басылымына берген сұқбатта.

Ислам Чесноков биылғы маусымда қостанайлықтар сапындағы барлық турнирлердегі 14 ойында 5 гол мен екі ассисттің авторы атанды. Футболшының нарықтық бағасы 900 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×