РФС УЕФА-ның Ресейді келесі жылы Еурокубоктерге қайтаратынына сенеді

25.06.2025, 15:30

Ресей футбол одағының (РФС) бас хатшысы Максим Митрофанов келесі жылы Ресейлік командалар Еурокубоктерге қатысатынына сенімді.

РФС УЕФА-ның Ресейді келесі жылы Еурокубоктерге қайтаратынына сенеді

"ФИФА мен УЕФА жүргізіп жатқан үрдіске қарайтын болсақ, иә, меніңше, бұл болады. Бәрі дайын. Саясаткерлердің ықпалы бола ма – иә. Әсіресе, кейбір Еуропалық елдер тарапынан. Кейбір елдерде келіссөз жүргізудің өзі заң жүзінде қылмысқа пара-пар.” – деді Митрофанов Матч ТВ арнасында.

2022 жылдан бастап Ресейлік клубтар ФИФА мен УЕФА жарыстарынан белгісіз мерзімге шеттетілген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×