
Хорватия құрамасының аңызы және “Реал Мадридтің” жартылай қорғаушысы Лука Модрич Клубтар арасындағы Әлем чемпионатынан кейін “Милан” футбол клубына ауысатын болды. Бұл туралы бірнеше сенімді дереккөздер хабарлап отыр.
Маусым айының басында басталған келіссөздер нәтижелі аяқталды, Модрич пен “Милан” арасындағы ауызша келісім толық жасалды, енді тек бірнеше ресми рәсімдер қалған.
Модрич шілде айында медициналық тексерістен өтіп, сол кезде келісімшартқа қол қояды.
Лука Модрич “Реал Мадрид” сапында 12 маусым бойы ойнап, барлық ірі жүлделерді жеңіп алды, соның ішінде 5 мәрте Чемпиондар лигасының чемпионы атанған.
“АС Милан” Лука Модричге тұрақты ойын уақытын уәде еткен.
"Милан” биылғы Клубтар арасындағы Әлем чемпионатына қатыспайды, сондықтан Модричтің командаға қосыоуы турнир аяқталған соң ғана іске асады.
Біздің серіктес: FONBET