Біздің инсайд расталды. ҚПЛ клубы екі легионермен келісімге келді

25.06.2025, 14:54

Астананың «Жеңісі» португалиялық жартылай қорғаушы Руй Баталья мен Беларусь шабуылшысы Всеволод Садовскиймен келісімге келді.

Біздің инсайд расталды. ҚПЛ клубы екі легионермен келісімге келді
Руи Баталья

Руи Баталья осыған дейін негізінен өзінің отанындағы командаларда ойнап келген. Атап айтсақ, «Дезембро», «Оливейра-ду-Ошпитал», «Алверка», «Кова-да-Пиедади», «Жил Висенте» және «Реал Келуш» сынды командалардың намысын қорғады. «Дезембро» жейдесінде Португалияның Үшінші дивизионының өткен маусымында 15 ойынға қатысып, 5 гол мен 1 ассисттің авторы атанды.      Ал Всеволод Садовский Польшаның Екінші дивизионының өткен маусымында «Котвице» Колобжек командасының сапындағы 11 матчта 2 ассист тіркеген. Естеріңізде болса, 28 жастағы футболшы 2022-2024-жылғы маусымдарда шымкенттік «Ордабасының» жейдесінде өнер көрсеткен болатын.

«Жеңіс» ҚПЛ-дің 13 турынан кейін 13 ұпаймен тоғызыншы орында келеді. Елордалық клуб келесі турда «Тобылмен» жолығады. Бұл кездесу 29-маусымда өтеді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×