"Челсидің" бұрынғы бас жаттықтырушысы, қазір "Интерді" баптап жүрген Антонио Конте Лондондық клубтағы сәтсіз трансферлері туралы айтты.
"Мен екі ойыншы сұрадым, біз чемпиондықты жеңгеннен кейін оларды алуға өте жақын болдық. Олардың бірі Ромелу Лукаку, екіншісі Вирджил ван Дейк еді. Олар "Челсиге" ауысуға өте жақын болды. Біз күн сайын байланыста болдық, мен әрдайым осы екі ойыншымен команданы 30 пайызға жақсартатынымызды айтатынмын.
Мүмкін біз "Челсиді" жоғары деңгейге көтеріп, сол орында ұзақ жылдар бойы тұрақтайтын сәтті жіберіп алған болармыз. Бұл трансферлердің орын алмағаны ұят болды. "Интерде" Ромелу менің сол кезде дұрыс айтқанымды көрсетіп жатыр. "Ливерпульдегі" ван Дейк те менің идеяның клубқа дұрыс келгендігін көрсетеді", - деді Конте The Telegraph-қа берген сұхбатында.
Конте "Челсиді" 2016 жылдан 2018 жылға дейін жаттықтырды. Оның басшылығымен "ақсүйектер" Англия чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET