«Челси», «Интер» және «Ювентус» клубтарының бұрынғы бас бапкері Антонио Конте «Манчестер Юнайтедті» жаттықтырғысы келеді, деп жазды журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.
Маман манчестерлік клубтың ұсынысын қабылдауға дайын, бірақ әлі ресми ұсыныс түскен жоқ. Ағылшын клубы әлі күнге дейін Уле-Гуннар Сульшердің болашағына қатысты шешім қабылдай алмауда.
«Манчестер Юнайтед» Ағылшын Премьер-лигасында өткен тоғыз турдан кейін 14 ұпаймен турнир кестесінде 7-ші орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET