«Алтын допқа» үміткер 10 футболшының есімі жарияланды

26.10.2021, 16:30
Бұл жүлденің иегері анықталып қойды. Бірақ дүйім жұрт мұны 29 қараша күні білетін болады.
«Алтын допқа» үміткер 10 футболшының есімі жарияланды

France Football басылымы 2021 жылғы "Алтын доп" сыйлығының иегерін анықтап қойды. Аталмыш жүлде 29 қараша күні табысталатын болады.

Goal порталы "Алтын допқа" үміткер 10 футболшының тізімін жариялады. Рейтингте ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси көш бастап тұр. 2021 жылы аргентиналық футболшы 40 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Лео Аргентина сапында Америка кубогін, "Барселонамен" Испания кубогін жеңіп алды.

Екінші орында 2021 жылы 54 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген "Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовски тұр. Поляк шабуылшысы Бундеслиганы, клубтар арасындағы әлем чемпионатын және Германия Суперкубогін иеленді.

Үздік үштікті "Челсидің" жартылай қорғаушысы Жоржиньо түйіндеді. Италиялық футболшы 2021 жылы жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берді, Италия құрамасымен бірге Еуропа чемпионы атанды, сонымен қатар Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Суперкубогін жеңіп алды.

Goal нұсқасы бойынша "Алтын допқа" үміткер 10 футболшы:

  1. Лионель Месси (ПСЖ)
  2. Роберт Левандовски ("Бавария")
  3. Жоржиньо ("Челси")
  4. Н'Голо Канте ("Челси")
  5. Карим Бензема ("Реал Мадрид")
  6. Килиан Мбаппе (ПСЖ)
  7. Ромелу Лукаку ("Челси")
  8. Эрлинг Холанд ("Боруссия Дортмунд")
  9. Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед")
  10. Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити").
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×