Эрлинг Холанд 2022 жылға дейін ойнамауы мүмкін

26.10.2021, 15:53
Футболшы алты аптадан кейін ғана жаттығуға кіріседі деп күтілуде.
Эрлинг Холанд 2022 жылға дейін ойнамауы мүмкін

Жамбас жарақатынан енді ғана айыққан Дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холанд 2021 жылдың соңына дейін алаңға шықпауы мүмкін, деп хабарлайды Bild басылымы. Бұған дейін «Боруссияның» бас бапкері Марко Розе Холандтың бірнеше аптаға қатардан шығып қалатынын болжаған еді. Бірақ, норвегиялық футболшы ауыр жарақат алған секілді.

Холанд жарақатына байланысты бір ай бойы командасына көмектесе алмаған болатын. Норвегиялық футболшы алаңға соңғы рет Бундеслиганың 8-ші турындағы «Майнцпен» болған ойында төбе көрсетті. Бірақ шабуылшы сол матчта жарақат алып қалды.

«Боруссияға» ауысқаннан бері Эрлинг Бундеслигада 49 матч өткізіп, 49 гол соқты. Осы маусымда ол барлық турнирлерде 10 матчқа қатысып, 13 рет мергендік танытты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×