«Анжиден»-«Астанаға!»

03.05.2012, 22:03
«Анжиден»-«Астанаға!»
Бүгін БАҚ құралдарына Красножанның Астанаға келгені туралы хабар келді. Футболдан Ресейдің 2-ші ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан елордалық «Астана» футбол клубының бас бапкері болуы мүмкін. Sportinfo.kz сайтының мәлімдеуінше, ресейлік маман Астанаға келіп клуб басшылығымен келіссөздер жасауда. Елордалық клубтың бас демеушісі «Қазақстан Темір Жолының» президенті Асқар Мамин Юрий Красножанның кандитатурасын ұсынып отыр. Келіссөздердің немен аяқталатыны туралы жақын араларда белгілі болады. Сонымен қатар, жақында Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері Дик Адвокат Польша мен Украинада өтетін Еуропа Чемпионаты аяқталысымен орнынан кететіні туралы мәлімдеген. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, Красножан Ресей құрамасын жаттықтыруы мүмкін деген де сыбыстар бар. Ал жылына 6 млн. еуроға жуық айлық алатын Дик Адвокат орнынан кетсе, Юрий Красножан да дәл сондай шамада айлық алары сөзсіз. Егер де елордалық клуб ресейлік бапкерді өздеріне қалдырғылары келсе, онда жылына клуб шығынынан бөлек тағы 6-7 млн еуроны Красножанға беріп отыруы тиіс. Красножан бұрынырақ нальчиктік «Спартактың» және мәскеулік «Локомотивтің» бапкері болған. Сондай-ақ, 2011 жылдың желтоқсанында атышулы махачкалалық «Анжидің» бапкері болып аталғанымен, биылғы жылдың ақпан айында белгісіз себептермен орнын босатып кетті. Ресейлік БАҚ құралдарының мәлімдеуінше, бапкердің кетуіне себеп болған «Анжи» шабуылшысы, әлемдегі айлығы жоғары футболшы Самюель Этоомен болған түсінбеушілік деседі. Ресейлік бапкердің Астанада қалуы, қалмауы жайлы ақпараттарды www.aladop.kz сайты жақын арада хабарлып отырады.

Руслан БАҚЫТЖАН

арнайы www.aladop.kz сайты үшін Астанадан!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×