АПЛ-дағы соңғы матчын 10 жыл бұрын өткізген қақпашы «Манчестер Сити» сапындағы дебютін жасады

15.05.2021, 18:55
Оның соңғы рет қарсы ойнаған командасы «Ньюкасл» болды
АПЛ-дағы соңғы матчын 10 жыл бұрын өткізген қақпашы «Манчестер Сити» сапындағы дебютін жасады

35 жастағы ағылшын қақпашысы Скотт Карсон Англия чемпионатының 36-турында "Манчестер Сити" сапындағы АПЛ-дағы алғашқы ойынын өткізді.

Скотт бұған дейінгі аталған турнирдегі соңғы матчын 2011 жылы, яғни 3465 күн бұрын өткізген. Ол кезде футболшы дәл бүгінгі қарсыласы "Ньюкаслмен" болған ойында "Вест Бромвич" қақпасын күзеткен.

Карсон Гвардиоланың командасына 2019 жылы "Дерби Каунтидан" жалға алынған болатын. Пеп Гвардиола ол туралы:

"Скотт - команданың алаң сыртындағы қаһарманы. Оған ойнауға мүмкіндік бергеніме қуанамын" - дейді.

Матчтан соң оны шынайы құттықтағандардың ішінде қақпашылар Эдерсон мен Зак Стеффен болды. Олар үшін бұл ойында бәсекелестік атаулы ұмытылған секілді.

Өміріндегі ерекше оқиға жайлы Скотт Карсон былай деп ағынан жарылды:

Алаңға оралған сәтімнің әр минутынан ләззат алдым. Ақыр соңында жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Кей сәтте ойынға қатысу дегенді ұмытып та қалғандаймын.
Өкінішке орай, жанкүйерлер де, менің жақындарым да бұл ойынға келе алмады, бірақ бүгін менің мансабымдағы есте қалар күн болды.
Ең бастысы — үш ұпайды еншілеу. Менің қатысу-қатыспауым маңызды емес.
Гвардиола тамаша жан. Ол ешкімше ұқсамайтын қайталанбас тұлға. Ол тактикалық тұрғыдан қарағанда данышпан бапкер.
АПЛ жеңімпазының медалін алатыныма сенімсізбін, дегенмен беріп жатса, бас тартпаймын. Осы жерде өз міндетімді атқаруым қажет. Менің қалайтыным тек жігіттерге барынша, қолымнан келгенше көмектесу.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×