Магомед Адиев: «Ойынға сай емес нәтижені алаңдағы бір адам ойлап тапты»

15.05.2021, 17:28
«Шахтер» ойынды толықтай бақылауына алса да, он бір адаммен қорғанған «Тұранға» гол соға алмады.
Магомед Адиев: «Ойынға сай емес нәтижені алаңдағы бір адам ойлап тапты»

Қарағандылық «Шахтердың» бас бапкері Магомед Адиев түркістандық «Тұранмен» болған ойынды (0:1) қорытындылады:

- Менің ойымша, біз нашар ойнаған жоқпыз, ойын бойы позициялық шабуыл жасадық, қарсыластың қақпасына бірнеше рет қауіп төндірдік. Жалғыз көңілді түсіргені – ойынға сай емес нәтиже. Менің ойымша, бұл – алаңдағы бір адам ойлап тапқан нәтиже. Жоқ жерден пенальти белгіленді. Ойынға келетін болсақ, қайталап айтамын, біз өте жақсы шабуылдадық. Жалғыз кемшілік деп қарсылас қақпасының маңайында ойын уақытының 90%-ын өткізіп тұрып, аз қауіп төндіргенімізді айтар едім. Айып алаңына дейін жақсы жеттік, бірақ өз басымдығымызды жүзеге асыра алмадық. 

Қарсылас қақпасының маңайындағы ойынды жақсарту керек екенін түсінеміз. Алдағы аз уақыт ішінде, келесі ойынға дейін осы мәселеге көбірек көңіл бөлуге тырысамыз. 

Неліктен кейбір футболшылар ойынға қатыспады? Иван Граф пен Гидеон Бааның жарақат алғанын бәрі біледі. Олардың қатарына Андрей Буйволов пен Зиги Бадибанга да қосылды. «Қайратпен» өткен матчқа Арсен Хубулов оңтайлы формада болмауына байланысты қатыса алмады. Қиындықтар бар, бірақ қазір ол кімде жоқ, қолда бар ойыншыларды пайдаланамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×