«Астана» жеңіліссіз сериясын он бір матчқа ұзартты

15.05.2021, 02:50
Елордалық клуб 1:0 есебімен жеңуді әдетке айналдырды.
«Астана» жеңіліссіз сериясын он бір матчқа ұзартты

"Астана" Қазақстан Премьер-лигасының он бірінші туры аясында талдықорғандық "Жетісумен" кездесті. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Ойынның 4-минутында "Астана" есеп ашты. Кадетенің айып алаңына асырған пасын "Жетісу" қақпашысы қағып жіберді, ал серпілген допты Марин Томасов қақпаға дәл бағыттады. Айта кетейік, бүгін "Астана-Аренада" жанкүйерлер алғаш рет өз командасына қолдау білдірді.

Маусым басталғалы бері жеңілістің дәмін татпаған елордалық клуб 29 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал Ринат Алюетов шәкірттері ең соңғы орыннан көтеріле алмауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×