«Ақтөбе» мен «Қайсар» ұпай бөлісті

15.05.2021, 00:50
Бүгін ең көп гол соғылған матч болды (2 гол).
«Ақтөбе» мен «Қайсар» ұпай бөлісті

"Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының он бірінші туры қарсаңында қызылордалық "Қайсарды" қабылдады. Матч Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 26-минутында "Қайсар" клубының шабуылшысы Каролис Лаукжемяс есеп ашты. Ал бірінші таймның аяқталуына бір минут қалғанда Игорь Сергеев қақпашы Марсель Исламқұловтың қателігін сәтті пайдаланып, таразы басын теңестірді. Екінші тайм барысында қос команда да гол соға алмады.

Он үшінші ұпайын қоржынға салған "Ақтөбе" турнирлік кестеде тоғызыншы орында тұр. 7 ұпайы бар қызылордалық клуб он үшінші орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×