Пеп Гвардиола Англия Премьер-лигасының ақпан айындағы үздік бапкері болып танылды.
"Манчестер Ситидің" бапкері бұл сыйлықты қатарынан екінші рет жеңіп алды. Бұл оның Премьер-лигада айдың үздік бапкері ретінде алған тоғызыншы сыйлығы.
Ол дауыс беру кезінде Нуну Эшпириту Санту ("Вулверхэмптон"), Скотт Паркер ("Фулхэм") және Томас Тухельді ("Челси") басып озды.
"Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган Премьер-лиганың ақпан айындағы үздік ойыншысы атанды. Неміс футболшысы 5 матчта 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Гюндоган клуб тарихында осы жүлдені қатарынан екі рет жеңіп алған алғашқы ойыншы болды.
30 жастағы ойыншы дауыс беру кезінде командаласы Жоао Канселуді, Бруно Фернандесті ("Манчестер Юнайтед"), Харви Барнс ("Лестер Сити"), Йоаким Андерсен ("Фулхэм"), Джесси Лингард ("Вест Хэм"), Рубен Невеш ("Вулверхэмптон") және Рафиньяны ("Лидс Юнайтед") артқа тастады.
Біздің серіктес: FONBET