АПЛ-дің келесі маусымға арналған добы ұсынылды

30.06.2020, 00:35
Бұл доп алдыңғылардан мүлдем өзгеше.
АПЛ-дің келесі маусымға арналған добы ұсынылды

Американдық спорттық жабдықтарын өндіруші Nike компаниясы өз веб-сайтында 2020/2021 маусымға арналған жаңа допты ұсынды.

Доп "Nike Flight Ball" деп аталады және ақ түсті, жазулары қара түспен жазылған. Компания доп жасауда инновациялық технология қолданылған деп мәлімдейді. Оның үстіне, оның төрт үлкен бөліктен тұратындығына байланысты тігістер саны 40 пайызға қысқарған.

Келесі маусымда доп Nike компаниясымен серіктес болған лигаларда ойналады. Олардың қатарында Ресей Премьер лигасы мен Англия Премьер-лигасы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×