Сенегалдық ойыншы «Қайратқа» ауысуға жақын

30.06.2020, 04:44
«Астана», сақ бол! «Қайрат» күшеюде.
Сенегалдық ойыншы «Қайратқа» ауысуға жақын

Сенегалдық футболшы Хали Тиам өткен демалыс күндері өзінің соңғы матчын өткізген клубы "Левскиден" кететінін мәлімдеді.

Болгария чемпионатының 28-турының матчында Софиялық клуб "Бероены" 2-1 есебімен жеңді. Матчтан кейін 26 жастағы легионер жанкүйерлерімен және 2018 жылдан бері ойнаған командасымен қоштасады.

"Жалпы, мен нәтижеге ризамын. Біз өз жанкүйерлеріміз үшін алаңда 100 пайызға ойнау үшін тырысамыз. Біз бар күшімізді салдық, жеңгенімізге қуаныштымын. Көптеген жас ойыншылармен ойнау мен үшін үлкен мәртебе, өйткені менде жас болдым. Олар ойынына үлкен өзгеріс қосады деп үміттенемін, өйткені "Левски" оларға мұқтаж."

"Матч алдында мен ойладым: «Бұл Левски үшін соңғы матчым. Бұл маған қатты әсер етті, өйткені менің жүрегім "Левскиге" тиесілі еді. Мен Болгарияда отбасымның бір бөлігіне айналған көптеген достарымды қалдырып барамын. Мен қай жерде ойнайтынымды айта алмаймын. "Левскиден" кетуім керек болды, бірақ бұл футбол. Мен "Левскиде" мәңгі қалып, командамен бірге кубоктар жеңіп алғым келді, бірақ кейде жағдай осылай болады", - дейді Тиам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×