АПЛ клубтары соңғы бес жылда алғаш рет финалда ойнамайды

17.08.2020, 17:44
Биылғы жылғы еурокубоктардың финалы ағылшындық клубтарсыз өтеді
АПЛ клубтары соңғы бес жылда алғаш рет финалда ойнамайды

Кеше УЕФА Еуропа лигасының жартылай финалында "Севилья" мен "Манчестер Юнайтед" кездесіп, Испаниялық команданың асығы алшысынан түсіп, финалға жолдама алған болатын. Осылайша, ағылшындардың соңғы үміті болған "қызыл сойқандар" да жарыс жолынан шығып қалды және бес жылдан бері, яғни, 2014/15 маусымнан бері тұңғыш рет АПЛ клубтары еурокубоктың финалында өнер көрсетпейтін болды.

Ағымдағы еурокубок маусымында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын қоса алғанда Англия елінен "Ливерпуль", "Челси" "Манчестер Сити", "Арсенал", "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм" және "Вулверхэмптон" сынды командалар қатысқан болатын.

Шыңғысхан Досмухамбетов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×