Исламбек Қуат жаңа клубымен келісімге келді

17.08.2020, 17:47
Исламбек Қуат жаңа клубымен келісімге келді

Қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін.

Fotomac хабарлағандай, 27 жастағы Қуат Түркияның бірінші лигасында өнер көрсететін «Самсунспор» клубымен келісімге келді. Жақын арада Қуат жаңа клубпен келісімшартқа отырады деп күтілуде.

Бұған дейін футболшы "Астанаға" ауысуы мүмкін деген ақпараттар болған еді. Қуат қазір еркін агент болып табылады.

«Астана» сапында Қуат 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін ойнады. Осы жылдардың ішінде екі рет - «Ақтөбе» мен «Оқжетпесте» жалда ойнады. 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Қайрат» сапында өннр көрсетті.

Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Оренбургта" ойнап, екі матч өткізді. Клуб РПЛ-дан шығып қалған соң, Қуат командадан кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×