Премьер-лига матчтарының қайда өтетіні белгілі болды

17.08.2020, 17:58
Барлық матчтар Алматыда өткізілетін болады.
Премьер-лига матчтарының қайда өтетіні белгілі болды

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин және Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев Қазақстан чемпионатының матчтары өтетін Алматы-Талғар жеріндегі футбол инфрақұрылымын тексерді.

Тексеру барысында стадиондардың футбол маусымын қайта бастауға дайындығы, қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бағаланды. Сонымен қатар, командалардың орналасқан жерлеріндегі карантин шараларын бақылау үшін Алматыда орналасуға арналған бірнеше қонақүйлер тексерілді.

Стадиондардың да, уақытша тұру базаларының да дайындық деңгейінің жоғары екендігі және белгіленген санитарлық ережелерге сай екендігі айтылды.

Матчтарды өткізуге таңдалған барлық стадиондар 18 тамыздан бастап футболдан Қазақстан чемпионатының матчтарын қабылдауға дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×