“Ақтөбе” клубының 17 жасар шабуылшы Виталий Латурнус Ағылшындық “Кристал Пэлас” клубының назарына ілікті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Конференциялар лига чемпиондарының сарапшылары жас форвардтың физикалық мәліметтері мен тиімділігіне жоғары баға беріп отыр.
ASnews.kz сайтының мәліметінше, клубтың скауттық қызметі Латурнусты өз қатарларына қосу үшін арнайы бақылауды бастап кеткен.
Виталий Латурнус биылғы маусымда барлық ресми турнирлерді қосқанда әзірге 14 матчта алаңға шығып, 4 гол соқты және 2 нәтижелі пастың авторы атанды.
"Ақтөбе” өз тәрбиеленушісін Еуропаға үлкен мақтанышпен жіберуге дайын, алайда олар футболшыны оңай ғана бере салмай, қомақты өтемақы талап етпек.