"Астана” клубының бас директоры қызметіне Алтай Алмасұлы Даумов ресми түрде кірісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Отандық футбол саласында көпжылдық тәжірибесі бар маман осыған дейін Қазақстан футбол федерациясының құрылымында жауапты қызметтер атқарған.
Даумов футбол индустриясындағы ең беделді бағдарламалардың бірі — UEFA CFM (Certificate in Football Management) дипломының иегері.
Сондай-ақ, Қазақ спорт және туризм академиясында “Спорт менеджменті” мамандығы бойынша докторантураны сәтті тәмамдаған.
Осылайша, түрлі жылдары Қазақстан футбол федерациясында салмақты шешімдер қабылдап, тіпті федерация президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған мықты маман енді елордалық клубты жаңа белестерге жетелемек.