АПЛ ойыншысына айыппұл салынды

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
28.04.2020, 03:35
Англияның «Эвертоны» шабуылшы Мойзе Кинге айыппұл салды.
АПЛ ойыншысына айыппұл салынды

Италиялық футболшы коронавирус індетіне байланысты өзін-өзі оқшаулау тәртібін бұзған көрінеді. Енді Кин екі апталық жалақасынан қағылады. Яғни, 114 мың еуро айыппұл төлейді. Футболшы бұған дейін карантин шараларын елемей, сән әлемінің сылқымдарымен кеш ұйымдастырып, оны әлеуметтік желі арқылы жариялаған. Мойзе Кин «Эвертонға» «Ювентустан» 2019-шы жылдың жазында ауысып келгенді. Шабуылшы ағылшын премьер-лигасының биылғы маусымында 22 матчқа қатысып, бір гол соқты. Дүниежүзілік пандемияға байланысты британиядағы футбол біріншілігі тоқтап тұр.

Майкл О-нил Солтүстік Ирландия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Танымал жаттықтырушы бұл құрамада 2011-ші жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істеді. О-нил халықаралық ойындар кестесінің өзгеруіне байланысты қызметінен кеткен көрінеді. УЕФА коронавирустың таралуына байланысты Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің қосымша матчтарын басқа күнге ауыстырған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×