Sport.es: «Барселона чемпионатты жалғастырудан бас тартуы мүмкін»

27.04.2020, 17:48
Клубта короновирустың қаупі әлі де жоғары деп ойлайды.
Sport.es: «Барселона чемпионатты жалғастырудан бас тартуы мүмкін»

Егер Испания чемпионатын жақын арада жалғастыру туралы шешім шықса, «Барселона» маусымды жалғастырудан бас тартуы мүмкін.

Sport.es порталының ақпараты бойынша, клубтың директорлар кеңесі жақын арада аталған сұрақты қарастырады. Басшылық футболшыларды алаңға қайта оралуға мәжбүрлеуді жоспарлап отырған жоқ: клуб Ла Лиганың барлық ойыншылардың денсаулығын сақтап қалатынына күмәндануда.

Турнирге қатысудан бас тарту каталондықтар үшін экономикалық проблемалар әкеледі, бірақ клубта футболшылардың денсаулығы бірінші орында тұр деп санайды.

  • Ла Лиганың басшысы Хавьер Тебас ойнаудан бас тартқан клубтарға техникалық жеңіліс болатынын ескертті;
  • Испания чемпионаты 6 маусымда басталады;
  • «Барса» турнирлік кестеде бірінші, екінші орындағы «Реалмен» арасын 2 ұпай бөліп тұр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×