АПЛ. «Үздік ойыншыға» үміткерлер анықталды

17.04.2015, 23:53
АПЛ. «Үздік ойыншыға» үміткерлер анықталды
Кәсіпқой футбол қауымдастығы Англия біріншілігінің «үздік ойыншысына» үміткер алты футболшының есімін атады. Үміткерлер қатарына – «Челсидің» екі ойыншысы Эден Азар мен Диего Коста, «Арсеналдың» шабуылшысы Алексис Санчес, «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Фелипе Коутиньо, МЮ-дің голкипері Дэвид Де Хеа және «Тоттенхэмнің» жетекші ойыншысы Харри Кейн енді. Үздік ойыншының есімі маусым аяқталған соң белгілі болады. Естеріңізге сала кетсек, былтыр Англияның үздік ойыншысы жүлдесіне Луис Суарес ие болған.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×