АПЛ. Жаңа маусым күнтізбесі жарық көрді

19.06.2015, 19:17
АПЛ. Жаңа маусым күнтізбесі жарық көрді
Ағылшын премьер лигасының жаңа маусымының күнтізбесі жарық көрді. 8 тамыз күні Премьер лигаға чемпионшиптан оралған «Уотфорд» «Эвертонмен» кездесу үшін «Гудисон Паркке» қонаққа барады. Ал тағы бір дебютант «Борнмут» «Астон Вилланы» өз алаңында қабылдайды. Чемпион «Челси» «Суонсимен» «Стамфорд Бридж» алғашқы матчын өткізеді.  Тағы бір қызықты кездесу «Олд Трафордта» өтпек. «Ман Юнайтед» лондондық «Тоттенхэмді» қабылдайды. Ал «Стоук Сити» мен «Ливерпуль» арасындағы тартыс та 1-турдың көрікті кездесулерінің біріне айналады деген болжам бар. Өйткені биылғы маусымның соңғы турында Джеррардтың қоштасу кездесуінде «Стоук» «Ливерпульді» 6-1 есебімен ойсырата жеңген болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×