— Грэм Сунесс мырза? Бұл Джордж Веа. Сізге өте талантты аяқдопшыны ұсынғым келеді. Оның есімі - Али Диа, немере інім. Жақында ғана «ПСЖ» -мен келісімшарты жүзеге аспай қалып, қазір клубсыз қалды. Сізге қызық па?
Дәл осындай сөздермен Ағылшын Премьер Лига тарихындағы ең шулы әрі үлкен өтірік басталған. Негізінде Сунесске Джордж Веа емес, Али Дианың өзі хабарласқан. Веа - сол кездегі «Алтын доп» иегері және болашақ Либерия президенті болса, Али Диа - жартылай кәсіби клуб атынан ойнайтын әуесқой аяқдопшы.
Қоңыраудан кейін Сунесс ойыншыны алаңда көруге шақырады. «Саутгемптонның» незізгі құрамымен өткен бірнеше жаттығудан соң басшылық бір айлық келісімшарт ұсынады. Әрине, сенегалдық "футболшы" бұл келесімшарттан бас тартпайды.
Премьер Лиганың 14-турында «Лидс Юнайтедке» қарсы ойынға Сунесс күтпеген жерден қосалқы құрамға Дианы енгізеді. Ол кездері командада жарақат алған шабуылшылар көп еді. Сондықтан бапкер жартылай қорғаушы Мэтт Ле Тиссьені шабуылға шығаруға мәжбүр болды. Арада жарты сағат өткеннен кейін аяқдопшы жарақат алып, алаңға 33- нөмірдегі ешкімге белгісіз сенегалдық шығады деп ешкім күткен жоқ. Бірақ, Дианың «Сент-Мэрис» стадионындағы ойыны ұзаққа созылмады. 53 минуттан кейін Сунесс Алиді алаңнан шығарып, матчтан кейін «Саутгемптон» келісімшартты бұзды.
Британдық БАҚ өкілдері бұл трансфердің қалайша жүзеге асқанын білу мақсатында бапкерді сұрақ астына алады. Сондай бір сұқбаттардың бірінде Сунесс Джордж Веаның қоңырау шалып, аяқдопшыны ұсынғанын айтқан. Әрине, бұл ақпаратты Веа жалған екенін айтып, растамады.
Али Диа әкесі Париж елшілігіндегі дипломат, анасы орта мектеп мұғалімі болып жұмыс істейтін отбасында дүниеге келген. Оның айтуынша 1987-1988 жылдары расында «ПСЖ» құрамында ойнап, тіпті бірге Париж Кубогын иеленген. Ол футбол сүйер қауымға оны өтірікші әрі суайт қылып көрсеткен БАҚ өкілдері деп санайды. Бәлкім гол соққанда британдық БАҚ басқаша қабылдар ма еді?
ESPN Ағылшын Премьер Лига тарихындағы ең нашар трансферлер тізімін шығарып, бірінші орынға Али Дианы қойды.
Біздің серіктес: FONBET