«Ақсу» африкалық легионермен толықты

10.05.2022, 23:39
Футболшы «Ақсу» сапында 99-нөмірмен ойнау туралы шешім қабылдады.
«Ақсу» африкалық легионермен толықты

Оңтүстік Африка ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Май Махлангу «Ақсу» клубына ауысты.

33 жастағы футболшы ҚКФЛ сайтындағы павлодарлық клубтың өтініміне қосылды. Ол «Ақсу» сапында 99-нөмірмен ойнау туралы шешім қабылдады.

Африкалық жартылай қорғаушының соңғы клубы «Ордабасы» болған еді. Ол шымкенттік командадан 2021 жылғы маусымның басында кетті. Содан бері Махлангу өз елінде жеке жаттығулар жасап, клубсыз жүрді.

Қазақстан чемпионатында Махлангу 60 кездесу өткізіп, 4 гол соққан, 2 нәтижелі пас берген. Оңтүстік Африка құрамасында тәжірибелі футболшы 19 кездесу өткізіп, 2 рет мергендігімен көзге түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×