Ресми: Чемпиондар лигасының форматы өзгерді

11.05.2022, 01:26
УЕФА топтық кезеңнен бас тартып, швейцариялық жүйеге көшті.
Ресми: Чемпиондар лигасының форматы өзгерді

УЕФА ресми түрде 2024/25 жылғы маусымынан бастап Чемпиондар лигасына өзгерістер енгізетінін хабарлады.

УЕФА Атқару комитеті 32 командадан тұратын топтық кезеңнен бас тарту туралы шешім қабылдады. 2024/25 жылғы маусымнан бастап турнирге 36 клуб қатысады.

Командалар бұдан былай үш қарсыласпен екі реттен ойнап жүрмейді. Оның орнына әр клуб сегіз түрлі командаға қарсы сегіз матч өткізеді, төртеуі үйде және төртеуі сырт алаңда, соған байланысты турнир кестесі құрылады.

Үздік шыққан сегіз клуб тікелей плей-офф раундына өтеді, ал 9 бен 24-орындағы командалар келесі кезеңге шығу үшін екі ойын (бір қарсыласпен) өткізеді.

Осындай өзгерістер Еуропа лигасы мен Конференция лигасына да енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×