28 жастағы швециялық «Мьельбю» клубының либериялық шабуылшысы Сэм Джонсон «Ақсуға» ауысты, деп хабарлайды Transfermarkt порталы.
Дереккөздің айтуынша, футболшы павлодарлық клубқа еркін агент ретінде қосылған.
Сэм Джонсон мансабының басында «Далькурд», «Ассириска», «Ювентус ИФ», «Хернёсанд», «Фрей» және «Юргорден» сияқты швециялық клубтарда ойнады. Қытайдың «Ухань», норвегиялық «Волеренге», америкалық «Солт-Лейк» және либериялық «Сабах» командаларында да өнер көрсетті.
Оның соңғы клубы швециялық «Мьельбю» болды (6 ойын, 1 гол).
Жалпы, Джонсон мансабында 212 матч өткізіп, 73 гол мен 13 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET