Златан Ибрагимович Франческо Тоттидің рекордын жаңартты

26.04.2022, 15:51
Футболшының нәтижелі пасы командағы маңызды ұпай алып келді.
Златан Ибрагимович Франческо Тоттидің рекордын жаңартты

«Миланның» швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович А сериясында нәтижелі пас берген ең егде жастағы (40 жас, 6 ай және 21 күн) ойыншы атанды, деп жазды журналист Джозеф Шепард өзінің Twitter парақшасында.

Осылайша, Златан «Романың» бұрынғы шабуылшысы Франческо Тоттидің) рекордын (40 жас, 4 ай және 23 күн жаңартты.

Еске салайық, Италия А сериясының 34-туры аясында «Лацио» өз алаңында «Миланды» қабылдады. Римдегі «Олимпико» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Бұл кездесуде Ибрагимович нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

34 ойыннан кейін «Милан» 74 ұпаймен А сериясының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×