Эрик тен Хаг үш ойыншыға қызығушылық танытуда

26.04.2022, 16:02
Голландиялық маманға трансфер үшін 180 миллион еуро бөлінбек.
Эрик тен Хаг үш ойыншыға қызығушылық танытуда

«Манчестер Юнайтедтің» жаңа бапкері Эрик Тен Хагтың жазғы трансферлік терезеде қай ойыншыларды алғысы келетіні белгілі болды, деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөздің хабарлауынша, клуб басшылығы тен Хагқа трансферлер үшін шамамен 180 миллион еуро бөледі. Голландиялық маман «Бенфика» шабуылшысы Дарвин Нуньес, «Аякс» қорғаушысы Юрриен Тимбер және «Вильярреал» қорғаушысы Пау Торресті сатып алуға тырысады.

Ал «Манчестер Юнайтедтен» Эрик Бейи, Фил Джонс, Антони Марсьяль, Алекс Теллес және Аарон Ван-Биссака кетуі әбден мүмкін.

Еске салайық, тен Хагтың «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шарты осы маусымның соңында күшіне енеді және 2025 жылға дейін есептелген. Сондай-ақ қос тараптың ынтымақтастықты тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×