Джорджо Кьеллини Италия құрамасындағы мансабын аяқтамақ

26.04.2022, 15:02
Футболшы «Ювентустан» кетуді де жоспарлап отыр.
Джорджо Кьеллини Италия құрамасындағы мансабын аяқтамақ

«Ювентус» клубының қорғаушысы Джорджо Кьеллини Италия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын хабарлады. 37 жастағы футболшы Италия құрамасындағы соңғы ойыны 1 маусымда Аргентинаға қарсы матчта өтетінін айтты.

«Мен Еурода жеңіске жетіп, мансабымның шыңына жеткізген «Уэмблиде» Италиямен қоштасамын. Ұлттық құрамамен жақсы естеліктер арқылы қоштасқым келеді. Бұл, әрине, менің Италия құрамасындағы соңғы ойыным болады», — деп келтіреді Football Italia Кьеллинидің сөздерін.

Еуропаның қазіргі чемпиондары мен Оңтүстік Америка чемпионы арасындағы кездесу 2022 жылдың 1 маусымында Лондонда өтеді.

Сондай-ақ Джорджо Кьеллини жазғы трансферлік терезеде «Ювентустан» кетуді қарастыруда. Фабрицио Романоның хабарлауынша, осы жазда еркін агент атанатын 37 жастағы қорғаушы мансабын MLS-те жалғастыруы мүмкін.

Кьеллини «Ювентусқа» 2005 жылы ауысты. Содан бері ол команда сапында 557 ойын өткізіп, 36 гол мен 24 нәтижелі пастың авторы атанды. Сондай-ақ туриндік клубпен бірге 20 трофей жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×