Поль Погба «Манчестер Юнайтедтен» кетеді

26.04.2022, 20:44
Футболшы жарақатына байланысты маусымды ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Поль Погба «Манчестер Юнайтедтен» кетеді

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погба жазғы трансферлік терезеде командадан кетеді, деп жазады Mirror басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, 29 жастағы футболшы әріптестеріне клубта қалмайтынын айтып, командалық чаттан шығып кеткен.

Француз футболшысының «Манчестер Юнайтедпен» келісім-шарты маусымның соңына дейін есептелген. Бас бапкер Ральф Рангник жартылай қорғаушының «Ливерпульмен» болған ойында (0:4) алған жарақатына байланысты бұдан былай клуб сапында ойнамайтынын айтты.

Ағымдағы маусымында Поль Погба «қызыл сойқандар» үшін 27 матч өткізіп, 1 гол соқты, 9 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×