«Ақсу» үш футболшымен келісім-шарт жасасты

30.01.2022, 23:30
Клуб бір футболшымен келісім-шартты ұзартып, екі қазақстандық ойыншыны қатарға қосты.
«Ақсу» үш футболшымен келісім-шарт жасасты

Павлодарлық «Ақсу» 21 жастағы жартылай қорғаушы Анатолий Красотинмен келісім-шартты ұзартқанын хабарлады.

Анатолий Екібастұз футболының түлегі. 2018 жылы «Екібастұз» клубында дебют жасады. Сол кезде 18 жастағы Красотин бапкерлік штабтың сенімін ақтап, маусымды жақсы өткізді. Команда сапында 41 кездесу өткізіп, бір гол соқты, үш нәтижелі пастың авторы атанды. Өткен жылдың қысында «Ақсуға» шақыртылып, 18 ойында 3 гол мен 2 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Сонымен қатар павлодарлық клуб 22 жастағы қорғаушы Павел Баркунов және 24 жастағы шабуылшы Арман Смайыловпен келісім-шартқа отырды.

Павел Бакрунов – «Ертістің» түлегі. Футболшы соңғы екі маусымды «Екібастұз» сапында өткізіп, сенімді ойын көрсетті. Өткен жазда ол испаниялық «Фуенлабрада» клубында қаралымнан өтті.

Арман Смайылов кәсіпқой мансабын павлодарлық «Ертісте» бастады. Смайылов өткен маусымда «Екібастұздың» намысын қорғап, 19 ойында 13 гол соқты, 2 нәтижелі пасы тағы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×