Оралхан Өміртаевтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

30.01.2022, 23:56
Футболшы ҚПЛ клубының жаттығу жиынына қатысуда.
Оралхан Өміртаевтың қай командаға ауысатыны белгілі болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев мансабын «Ақжайықта» жалғастырады.

23 жастағы шабуылшы өткен маусымның соңында келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Шахтерден» кеткен еді. Өміртаев қазір «Ақжайықтың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Жақын арада Оралхан Владимир Мазярдың командасымен келісім-шартқа отыруы керек.

Өміртаев өткен маусымды «Тобылда» бастап, кейін «Шахтерға» ауысты. Бірақ қарағандылық клубтың негізгі құрамында жиі ойнамады. Соған қарамастан, шабуылшы үнемі Қазақстан құрамасына шақырту алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×