Луис Диас «Ливерпуль» ойыншысы атанды

31.01.2022, 00:21
«Ливерпульде» 25 жастағы вингер 23 нөмірмен өнер көрсететін болады.
Луис Диас «Ливерпуль» ойыншысы атанды

«Порту» мен Колумбия құрамасының 25 жастағы шабуылшысы Луис Диас «Ливерпуль» клубына ауысты.

Диас португалиялық клубта екі жарым жыл өткізіп, 125 матчта 41 гол соқты және 19 нәтижелі пасты өз атына жазды. Диас «Ливерпульдің» осы трансферлік терезеде сатып алған алғашқы ойыншысы болды. Келісім-шарт 2027 жылға дейін жасалған. Ал трансфер құны 37,5 + 12,5 миллион фунт стерлингті құрады. «Ливерпульде» 25 жастағы вингер 23 нөмірмен өнер көрсететін болады.

«Мен бұл келісімді аяқтап, Луисті «Ливерпульге» әкелгенімізге өте қуаныштымын. Луис - біз көптен бері бақылап келе жатқан керемет ойыншы. Біздің философиямызға сай ойнау үшін, сондай-ақ Ағылшын Премьер-лигасына физикалық және психологиялық тұрғыдан бейімделу үшін бұл футболшыда барлығы бар деп есептеймін. Ол табысқа жетуді қалайды және мақсатқа жету үшін күресу керек екенін біледі», - деді Юрген Клопп.

Алдағы күндері Колумбия құрамасы Аргентинамен ойнайды, сондықтан Диас Юрген Клопптың командасына келесі аптаның соңына қарай қосылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×