Ел біріншілігінің ХVIIІ тур аясындағы «Ақтөбе» мен «Ақжайық» арасындағы ойынның өтетін күні белгілі болды.29 шілдеде ойналуға тиісті матч енді 26 қыркүйекте ойналады. Осыған орай Қазақстан Кубогінің ширек финалдық ойынында өзгерістер орын алды. «Ақтөбе» мен «Ордабасы» арасындағы алғашқы ойын белгіленген уақытта, 19 қыркүйекте, өтетін болса, Шымкентте өтетін қарым матч 29 қыркүйектен 30 қыркүйекке ауысты.
Есет ТӨЛЕШ