"Ақтөбе" Бірінші лиганың 10-турында Қызылордалық "Байқоңырдың" тас-талқанын шығарды. Павлодардағы Орталық стадионда өткен матч 4:0 есебімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы голды Эдуард Суханов 5-минутта пенальтиден соқты. 55-минутта Максим Сомородов есепті еселесе, араға бес минут салып Олег Чернышов командасының үшінші голын соқты. Ойынның аяқталуына екі минут қалғанда Прокопенко матчтың нүктесін қойды.
"Ақтөбе" осы жеңістің арқасында 20 ұпаймен көш басында қала бермек. "Байқоңыр" 7 ұпаймен бесінші орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET