«Ақтөбе» бразилиялық және украиналық ойыншымен толықты

25.09.2020, 23:30
«Ақтөбе» биыл Чемпиондар лигасында еліміздің намысын қорғайтын болады.
«Ақтөбе» бразилиялық және украиналық ойыншымен толықты

"Ақтөбе" футзал клубы бразилиялық Виктор Хугоны қатарға қосты. Хуго бұған дейін Бразилияның "Гуарульюс", "Аса", "ФИБ Бауру" және жапониялық "Васагей Оита" командаларында өнер көрсеткен. Жапониялық клуб сапында 2 маусымда 69 ойынға қатысып, 30 гол соқты.

"Мен "Ақтөбеге" ауысу туралы нұсқаны агентім арқылы білдім, ол маған Қазақстанға баруға кеңес берді. Мен достарымнан Қазақстандағы футзал өте жақсы деңгейде екенін естідім. Тіпті қазірдің өзінде командамен жаттығып жатырмын, керемет атмосфера - мені өте жылы қабылдады, сол үшін бәріне рахмет!. Мен мұнда жан-тәніммен ойнауға тырысамын, мұнда жақсы жанкүйерлер бар деп естідім. Оларды өз ойыныммен қуанту үшін барымды саламын!" - деді Хуго "Ақтөбеге" ауысқаны жайлы.


Украиналық ойыншы Виктор Клочко "Ақтөбе" футзал клубымен келісімшартқа отырды. Клочко 2004-2006 жылдары ЦСКА, "Металлург" сапында үлкен футбол ойнаған. Соңғы үш жыл бойы "Витэн" футзал клубының намысын қорғап келді.

"Командаға шақырту бас бапкерден келді. Маған ойлануға аз уақыт берілді, мен келісімімді бердім. Қазақстанда ойнау қызық болып көрінді. Мықты құрама, мықты чемпионат бар, бұл елге көптеген мықты легионерлер келеді. Алдағы маусымнан мен тек жағымды эмоциялар және клубпен бірге көп жеңістер күтемін. Ең бастысы, біз бұл маусымды жарақатсыз өткізуіміз керек. Биыл жоғары жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Тырысатын боламыз. Мен жанкүйерлерді өте жақсы көремін, стадиондағы қолдауды да ұнатамын. Біздің команданың барлық жанкүйерлерін ойынға шақырамын, олармен кездесуді асыға күтемін. Өйткені, оларсыз ештеңе жоқ, олардың қолдауы бізді әрқашан алға ұмтылдырады", - деді Клочко берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×