«Ақтөбе» черногорлықтарды жеңді

07.02.2012, 18:01
«Ақтөбе» черногорлықтарды жеңді
Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында "Ақтөбе" екінші жолдастық кездесуін өткізді. Бұл жолы жерлестерімізге Плевля қаласының "Рудар" клубы қарсылас атанды. Бұл ұжым Черногрия Черногорияның 2010 жылғы чемпионы. Бүгінде жоғарғы лигада үздік үштікте келеді. Командамыздың бапкерлер кеңесінің айтуы бойынша, "Рудар" қай тұрғыдан алғанда да мығым ұжым болып шықты. Бірінші таймда белсенділік танытқан қарсыластар, тіпті "ақтөбеліктерді" аздап тығырыққа тіреді. Дегенмен, қорғаушыларымыз черногорлықтарға гол соғуға мүмкіндік берген жоқ. Үзілістен кейін ойын тізгіні "Ақтөбенің" қолына өтті. Екінші таймның ортасында айып добы орындалып, керемет әуелете асырылған пас тура Юрий Логвиненконың басынан табылып, ұлттық құрама ойыншысы осы кездесудегі жалғыз голдың авторы атанды. Бір қызығы, бұл шабуылға тағы бір қорғаушымыз Петр Бадло да өз үлесін қосты. Бапкерлер кеңесінің сөзіне сүйенсек, екінші таймда қарсыластарға қарағанда "ақтөбеліктер" жақсы ойнапты. Қорғанысымыз да керемет ұйымшылдық танытқан. Бұл матчта бапкерлер кеңесі екі ойыншыны сынақтан өткізді. Оның бірі — 22 жасар бразилиялық шабуылшы Сержио. Жастар арасындағы әлем чемпионы атағы бар Сержио "Сантос" клубының ойыншысы. Ал бапкерлер сынағындағы екінші ойыншы - македониялық жартылай қорғаушы. Өкінішке қарай, исландиялық шабуылшы Сигурдссон жарақат алып қалды. Ал Глебке келер болсақ, оның ойыны бапкерлер көңілінен шықпады. Сондай-ақ, чех ойыншысы Лукаш Байер де үйіне қайтты. Бірақ ол үйіне құжаттарды реттеу үшін ғана кетті. fc-aktobe.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×