Бүгін "Ақтөбе" командасы осы жылдағы алғашқы оқу жаттығу жиындарын өткізу үшін Түркияға аттанады. Осының алдында хабарлағандай, Нұр-Сұлтан қаласында өтпек болған жиын отандық клубтардың шет елде жиналуына рұқсат берілуіне байланысты күшін жойды.
"Ақ-қызылдар" бірден Босфор жағалауына барады. Әуелі Орал қаласына барып, кейін чартерлік рейспен Түркия еліне ұшты. "Ақтөбеден" бөлек бір ұшақта "Атырау", Ақжайық", "Каспий" командалары болады. Бұл өз кезегінде экономикалық үнемдеу мәселесін жеңілдетеді.
Түркия еліне жергілікті ойыншыларды апаратын "Ақтөбелік" командаға сол жақтан қаралымға өзге ойыншылар қосылады. Сонымен қатар жиында жоспарланған бірнеше жолдастық кездесулер туралы қосымша хабарланатын болады.
Сондай-ақ Түркияға бас бапкер Алексей Бага келеді. Клуб беларусь маманымен келісімшартқа отыру мәселесін сол жақта өткізуді жоспарлауда. Багамен бірге оның көмекшісі Валерий Тарасенко да келеді. Сонымен қатар бапкерлік құрамға Владимир Зеленовский кіреді. Владимир өткен жылғы кәсібі физикалық дайындық бойынша бапкер қызметінде қала береді.
"Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET