Қазақстандық үш ойыншы «Жетісу» сапынан кетті

21.01.2021, 03:23
Футболшылардың келісімшарты аяқталды.
Қазақстандық үш ойыншы «Жетісу» сапынан кетті

Өткен маусымда "Жетісу" сапында ойнаған үш қазақстандық футболшы командадан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

36 жастағы қақпашы Алмат Бекбаев "Жетісу" сапында 43 матч өткізіп, 37 гол жіберіп алды. 31 жастағы жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев талдықорғандық клуб үшін бір жарым маусымда 34 матч өткізіп, 3 гол соқты. 20 жастағы шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет небәрі 5 матч өткізіп, "Қайратқа" қайта оралды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін командадан Егор Зубович, Вадим Побудей ("Гомель"), Андрей Залеский, Никита Наумов ("Динамо Минск"), Андрей Лебедев ("Витебск"), Ненад Адамович, Стефан Живкович және Мартин Тошев кеткен болатын

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×